Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық сауданы дамыту бағытындағы жұмыстар туралы

Электрондық сауданы дамыту бағытындағы жұмыстар туралы

Әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылатын электрондық сауданы елімізде дамыту мәселесі Үкіметтің басты назарында.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Электрондық сауда нарығын дамытудың 2027 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын» қабылдады.
Жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүзеге асыру жұмыстары жасалуда.
Жалпы, өңірімізде ресми тіркелген 10 кәсіпорын тауарлар мен қызметтерді интернет-ресурс арқылы өткізуде (оның 5-і ресми сайтпен - «Сулпак», «Технодом», «Мечта», «Альсер», «Еврофарма», қалған 5 кәсіпкер Каспи магазинінде тауарларын ұсынады).
Тауарөндіруші«Асыл дән LTD», «СЗЦ Арал» және «Ақмарал ПК» компаниялары Alibaba.com платформасында «Gold Supplier» (Голд саплайер – Алтын жеткізуші)мәртебесімен тіркеліп, өнімдерін ұсынуда.
Тапсырыстарды сақтау мен жеткізу бағытында аймақта «Қазпошта» желісінің 11 супермаркеті және «Пиндуодо» интернет дүкенінің тарату пункті жұмыс жасауда.
Мемлекетбасшысының халыққа Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – аэрохабтардыдамыту, әуежайлардың, автомобиль және теміржол магистральдарының инфрақұрылымын жетілдіру.
Биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қызылорда облысында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы 550 гектарды құрайды. Қорқыт ата әуежайының қасында орналасады. «Қорқыт Ата» АЭА құрылымында 3 ішкі аймақ қарастырылған.
Олар: өнеркәсіптік аймақ, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау аймағы және авиацияға қызмет көрсету аймағы.
Бұл өз кезегінде облыста өнеркәсіптің әлеуетін көтеруге, электронды сауданың дамуына серпін береді.
Облыс әкімдігімен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы және облыстық кәсіпкерлер палатасының келісімдері негізінде аймақта электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында «Қызылорда облысында электронды сауданы дамытудың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бікітілді.
Жоспарға сәйкес,«Қазпошта» АҚ-ның мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін пошта маркетплейсіне орналастыру, тұтынушыларды ақпараттық қолдау (пошта және курьерлік қызмет, сауда және интернет эквайринг, жеңілдетілген экспорт және кедендік декларациялау, фулфилмент, жөнелтімдерді сақтандыру, интернет-банкинг), түсіндірмежұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызында Жаңақорған және Шиелі аудандарында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облыстық «Қазпошта» филиалы,«Байқоңыр» ӘӘК» АҚбірлесіп, кәсіпкерлерге электронды сауда негіздері бойынша оқу курсын ұйымдастырды. Оқыту барысында екі ауданнан жалпы саны 80-ге жуық кәсіпкерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Электрондық сауданы одан әрі дамыту бағытында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айынан бастапонлайн платформалары арқылы оқытулар ұйымдастырылып, облыс бойынша 70-ке жуық ниет білдірген кәсіпкерлер оқу барысында қажетті ақпарат алуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері жеке тұлғалардан электронды саудадағы тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған 11 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 3 өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 8 өтініш бойынша алдау фактісі байқалғанына байланысты тиісті құқық қорғау органдарына жолданған.
Сондықтан электронды сауданы жүргізіп отырған кәсіпкерлер тұтынушыларға ұсынылатын тауарының сапасына мән беріп, жауапкершлікпен қарауы қажет.
25 маусым 2025 ж. 277 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930