Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан утиль алымның ақшасына қоқыс полигондарын салады

Қазақстан утиль алымның ақшасына қоқыс полигондарын салады

Бірнеше өңірде тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигондар әбден толып қалған
Қазақстан утиль алымның ақшасына қоқыс полигондарын салады
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда утиль алымы есебінен 53 миллиард теңгеге 43 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Полигондар қоқысқа толып тұр

2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 973 полигонның 608-інің ғана талапқа сәйкес рұқсат құжаттары бар, бұл небәрі 20,6 пайызын құрайды.
«Полигондардың көбі толып қалған, оларды қалпына келтіру қажет. Мысалы, Атырау, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыс орталықтары мен Шымкент қаласы полигондары 90%-тен аса, Астана қаласында 98%-ке  толған, ал Жезқазған қаласында шамадан тыс толып кеткен», - деді Нысанбаев Үкімет отырысында.
Осы жағдайды түзету үшін 2023 жылы Үкімет кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен. Оған сәйкес, елімізде 100 жаңа полигон салынуы қажет. Алайда қазір әкімдіктер тек 7-уін салып, іске қосқан. 23 полигонға құжаттама дайын, 18 полигон бойынша әлі әзірленіп жатыр.

Полигон құрылысы утиль алым есебінен қаржыландырылады

Министрдің айтуынша, жоспардағы қалған 52 полигон бойынша әкімдіктер жұмыс жүргізбеген, оның ішінде: Абай облысында 22 полигон, Ақмола облысында 4 полигон; Солтүстік Қазақстан облысында 8 полигонның құжаттама мерзімі өткен, ал түзету мүлдем жоспарланбаған.
«Жаңа полигондардың құрылысы қаржыландыру тапшылығына байланысты жүргізілмей отыр. Осыған байланысты министрлік утильтөлем есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтады. Бұл 11 өңірде құны 53 миллиард теңгені құрайтын 43 полигон салуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Нысанбаев.



25 маусым 2025 ж. 148 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30