Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы айтты

ІІМ Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы айтты

Фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде ішкі істер органдарының орталық аппараты қызметтері мен аумақтық бөліністердің басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыс барысында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындылары шығарылып, ел Президентінің құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында басым міндеттер айқындалды. 
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, есепті кезеңде оң динамика байқалады. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11%-ға төмендеген.
Атап айтқанда, адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың саны азайғаны атап өтілді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар деңгейінің төмендеуі тіркелді.
Оң нәтижелермен қатар, отырысқа қатысушылар бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді қарастырып, оларды жою жолдарын талқылады.
Бұған дейін Алматыда әйел адамның көпқабатты үйдің балконынан құлап қаза тапқандығын жазған болатынбыз. 
25 маусым 2025 ж. 1 312 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930