Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық авиакомпания құстармен соқтығысуына байланысты рейстер кестесін өзгертті

Қазақстандық авиакомпания құстармен соқтығысуына байланысты рейстер кестесін өзгертті

Фото: pixabay.com
SCAT әуе компаниясының әуе кемелері құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған. Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясы мұндай жағдайларға қарамастан, рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру үшін бар күшін салуда екенін мәлімдіді. Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Анталья – Астана және Актөбе – Анталья бағыттарында келесі өзгерістер орын алды:
Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған.
Актөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде.
Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда келесі бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін:
Алматы – Шарм-эль-Шейх
Алматы – Анталья
Анталья – Алматы
Сондай-ақ, халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана – Доха рейсі тоқтатылды.
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарлануда екенін жазған болатынбыз.
23 маусым 2025 ж. 231 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930