Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық гимнасттар Ташкенттегі жарыста үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнасттар Ташкенттегі жарыста үш медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК
Қазақстанның спорттық гимнастика құрамасы Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Challenge Cup халықаралық турнирінде үш бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы қоссырық жаттығуында Ілияс Әзізов 13.100 ұпаймен күміс жүлде иеленсе, оның командаласы Дмитрий Патанин 12.700 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді. Бұл жаттығуда бірінші орынды 13.550 ұпаймен өзбекстандық Ахрорхон Темирхонов жеңіп алды.
Ал әйелдер арасындағы бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Бұл сында алтын медальді Алжирлік Кайлия Немур (13.300 ұпай), ал күміс жүлдені Өзбекстаннан Одинахон Робиджонова (12.500 ұпай) жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының бұл жетістігі халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан жас спортшылардың әлеуетін көрсетеді.
22 маусым 2025 ж. 228 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031