Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн күркіреп, бұршақ жауады – Қазгидромет болжамы

Күн күркіреп, бұршақ жауады – Қазгидромет болжамы

Фото: © freepik
21 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатта болатыны күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнгі уақытта шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.
Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, күндіз оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстармен қатар, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атап айтқанда, Абай облысының шығысында, Павлодар облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Төтенше өрт қаупі келесі өңірлерде болжануда:
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау облыстары,
Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және шығысы,
Атырау облысының орталығы,
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығы,
Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі,
Жетісу облысының солтүстігі, шығысы және орталығы,
Абай облысының батысы, оңтүстігі және солтүстік-батысы,
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы.
Сонымен қатар, күндізгі уақытта қатты ыстық күтіледі:
Алматы облысында 35 градусқа дейін;
Жетісу облысында 35 градусқа дейін;
Абай облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін.
Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиісті қызметтердің ескертуіне құлақ асуға шақырады.
21 маусым 2025 ж. 229 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930