Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тергеушілер жасанды интеллектіні қолданады

Тергеушілер жасанды интеллектіні қолданады

Жоба тергеу уақытын қысқартуға, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді
Тергеушілер жасанды интеллектіні қолданады
Фото:
pixabay
Ішкі істер министрлігі жасанды интеллектіні жедел дамыту мақсатында тергеушінің интерактивті көмекшісі жобасын іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Жоба қылмыстық істерді тергеу сапасы мен жеделдігін арттыруды көздейді. Жасанды интеллект "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесіне біріктірілген және тергеушінің күнделікті жұмысын автоматтандыруға көмектеседі.

Жүйенің мүмкіндіктері:

  • дауысты мәтінге айналдыру;
  • түрлі адамдардың жауаптарын салыстырып, қарама-қайшылықтарды анықтау;
  • жауап алу үшін нақтылайтын сұрақтар ұсыну;
  • процессуалдық құжаттарды автоматты түрде қалыптастыру.

Ол төрт негізгі модульден тұрады:

  • тергеуді жоспарлау;
  • жауаптарды өңдеу;
  • құжаттарды дайындау;
  • талдау және болжам жасау.
Бұл жоба тергеу уақытын қысқартып, тергеушілерді техникалық жүктемеден босатуға мүмкіндік береді. 19 маусымнан бастап жүйе пилоттық режимде Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы базасында іске қосылды.
Келесі аптада Ақмола облысы Қосшы қалалық полиция бөлімінде іске қосу жоспарланып отыр.



21 маусым 2025 ж. 268 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930