Таңдаулылар тоғысқан бөлімше
Қоғамдық тәртіп пен азаматтар қауіпсіздігін қорғауда ішкі істер органдары жүйесінде тергеушілер мен анықтаушылар ерекше маңызға ие. Аудандық полиция бөлімінің тергеу-анықтау бөлімшесі әріптестері арасында абырой биігінен көрініп келеді.
Қырағылық пен білім, сауаттылықты қажет ететін орында мамандар кәсіби табыстарға жету жолында уақыт талабына сай, ізденіс үдесінен табылуда.
Деректерге көз жүгіртсек, өткен жылдың 9 айында ауданда 240 қылмыстық іс тіркелген. Оларды түрлі бағыттарына қарай саралап, оң шешімін табуға атсалысқан. Тергеушілердің тегеурінді талаптары арқылы сотқа 106 іс жолданған. Олардың 10-ы ауыр, 42-сі аса ауыр.
Бұлтартпас айғақтар арқылы кінәлілерді дәл табу биыл да оң көрсеткіш көрсетіп отыр.
2024 жылдың жыл басынан бері 64-қылмыстық құқық бұзушылық іс қаралған. Өткен жылдың үш айында құқық бұзушылық іс 93-ті көрсеткен.
Тергеу өндірісіне 46 қылмыстық іс түскен. Анықтау өндірісінде 18-іс болса, 29 қылмыстық іс тергеу, 12 қылмыстық іс анықтаумен шешімін тапқан. Мерзімі асырылып, тергелген қылмыстық істер саны біреу ғана.
Қылмыстық істерді сотқа жолдау бағытында жеделдік бар. Осы уақыт аралығында 23 қылмыстық іс жолданса, 8 іс тоқтатылған.
Қайта тергеуге қайтарылған, ақтау үкімімен шыққан істер жоқ.
Таңдаулылылар тоғысқан бөлімшеде іріктелген мамандар ғана қызмет атқарады.
Аға тергеуші, полиция майоры Ғанибек Рысмамбет, тергеушілер, полиция капитаны Көбейсін Нұрбол, полиция аға лейтенанты Асхат Ғанилар тәжірибесі толысқан қызметкерлер. Аға анықтаушы, полиция майоры Оразбай Әбдіхалықов, анықтаушы, полиция капитаны Арман Ерғараевтар әмбебап маманға айналған.
«Тергеушілер мен анықтаушылар алдында қашан да үлкен міндет, зор жауапкершілік тұрады. Бір іс бір іске, бір күн бір күнге ұқсамайды. Қандай жағдай орын алса да, қырағылық пен жауапкерішлік жүгін көтеруге күш саламыз», – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, бөлімше меңгерушісі полиция подполковнигі Бауыржан Тұрман.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА