Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда малайзиялық электромобильдер шығарылмақ

Қазақстанда малайзиялық электромобильдер шығарылмақ

Фото: pixabay.com
Премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Лимен кездесіп, елімізде электромобильдер шығару жоспарын талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесуде автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орнын ашу перспективалары талқыланды. Атап айтқанда Proton Holdings компаниясы Қазақстанда электромобильдер шығару жоспарын қарастыратынын айтты. Бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты.
Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.
Жиында үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті жол картасын әзірлеу тапсырылды.


19 маусым 2025 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30