Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған педагогтердің 90%-ы жұмыссыз – депутат

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған педагогтердің 90%-ы жұмыссыз – депутат

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.
Фото: pexels.com
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінің тиімділігіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мұғалімдерді даярлау саласындағы қателіктер – тек басқарушылық қателіктер ғана емес, сонымен қатар ондаған жылдар бойы салдары бар стратегиялық қателіктер. Аудит деректері бойынша педагогтерді даярлауға мемлекеттік тапсырыс жылдар бойы нақты қажеттілікті есепке алмай, тиісті мониторингсіз және еңбек нарығындағы нақты жағдаймен байланыссыз қалыптастырылады. Мәселен, 2022 жылы қажеттілік 7,5 есе, 2023 жылы 9,3 есе артқан. Үш жыл ішінде бұл бюджеттің 31,8 млрд теңгеге немесе 13 905 қосымша грантқа артық шығындалуына әкелді. Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс бойынша түлектердің 90%-ы жұмысқа орналастырылмаған. 35 мыңнан астам педагог жұмыссыз, ал 60 мыңнан жұмыспен қамту туралы деректер мүлдем жоқ", – деді депутат.
Депутаттың сөзінше, заңда көзделген жоғары білімнің қазіргі жағдайы бойынша ұлттық есеп 2 жыл қатарынан жарияланбайды.
"Мемлекет неліктен мемлекеттік білім беру жүйесінде сұранысқа ие емес мамандарды даярлауға миллиардтаған қаражат жұмсайды?", – деп сұрады Нұргүл Тау.
Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, министрлік құрылғалы педагогикалық кадрларды даярлау мәселесін бақылауға алған.
"Жүйелі шешімдерді қабылдадық. Оқу-ағарту министрі екеуіміз тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс Еңбек министрлігі берген еңбек нарығының болжамына тікелей сәйкестендірілген. 2030 жылға дейін орта болжам бойынша 883 000-нан астам маман тапшы болады. Оның ішінде 20%-ы педагогикалық кадрлар. Сол себепті қазір мемлекеттік тапсырысымыз осы 20%-ға ұштастырылған. Мысалы, биыл берілетін 77 мыңдай гранттың 15 мыңға жуығы педагогикалық кадрларға бағытталған", – деді Саясат Нұрбек.
Министр депутат берген деректер 2019-2021 жылдарға берілгенін атап өтті.
"Ұстаздар тек мектепке емес, ашылып жатқан халықаралық, шетелдік мектептерге, жаңа оқу орындарына орналастырылды. Бұл туралы толық ақпаратты біз беруге дайынбыз", – деді Саясат Нұрбек.
Мәселен түлектердің 90%-ы жұмыспен қамтамасыз етілмеді деген ақпарат берілді.
"30 мыңы жұмыссыз, ал 60 мыңы бойынша ақпарат берілмеді деген дерек бар. 60 мың түлек бойынша толық ақпаратты беруге дайынбыз", – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

18 маусым 2025 ж. 113 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30