Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден Әлем кубогының үздік үштігіне енді

Қазақстандық спортшылар әртістік жүзуден Әлем кубогының үздік үштігіне енді

Фото: olympic.kz
Қытайдың Сиань қаласында World Aquatics ұйымының қолдауымен өткен әртістік жүзуден Әлем кубогының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Маусым бойы өткен төрт кезеңнің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы үздіктер қатарынан көрініп, жалпы есепте жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Топтық бағдарламада еліміздің атынан сынға түскен спортшылар қола жүлдеге ие болды. Командалық құрамда Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Туякова және Валерия Столбунова өнер көрсетті.

Сондай-ақ, әйелдер жұбы арасында ел намысын қорғаған Ясмин Туякова мен Арина Пушкина техникалық бағдарламада екінші орынды иеленсе, еркін бағдарламада Туякова Даяна Жаманчалова екеуі тағы бір жүлдені ел қоржынына салды.

Аралас жұптар сайысында Виктория Столбунова мен Артур Майданов жалпы есепте үшінші орынды сақтап қалды. Ерлер арасындағы жекелей бағдарламада Виктор Друзин төртінші орынға ие болып, жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы маусым барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ақпан айында Парижде өткен кезеңде Виктор Друзин алтын медаль жеңіп алса, Эдуард Ким күміс медаль еншіледі. Ал Хургадада (Мысыр) өткен жарыста Ким үшінші орыннан көрінді.

Өткен жылы Виктор Друзин World Aquatics нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атағына ұсынылған болатын. Бұл – еліміздің әртістік жүзу спорты біртіндеп дамып келе жатқанын көрсетеді. Халықаралық деңгейдегі жүлделер – отандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және әлемдік бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдейді.
17 маусым 2025 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30