Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Қытаймен инвестициялық ынтымақтастықты жаңартпақ

Қазақстан Қытаймен инвестициялық ынтымақтастықты жаңартпақ

Фото: ytheagency
“Қытай – Орталық Азия” ІІ индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инвесторларды қолдаудың маңызы туралы айтты және Қазақстан мен Қытай арасында инвестицияларды қорғау жөніндегі жаңартылған келісімге қол қойылатынын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Роман Склярдың сөзінше, Қазақстанда әрбір инвесторға жеке “под ключ”, яғни толық қамқорлық көрсетіледі. Бұл дегеніміз салықтар мен кедендік төлемдерден босату, түрлі гранттар беру, инфрақұрылым мәселелерін шешу сияқты жеңілдіктерді қамтиды. Сонымен қатар инвесторларға ресурстарға қолжетімділік пен экспортқа көмек беріледі.
Біз инвесторларға барлық жағдайды жасап, қолдау көрсетеміз. Қытайлық серіктестерді Қазақстан мен Орталық Азияда жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз, – деді Скляр.
Жаңартылған келісім Қытай инвесторлары үшін елімізде жұмыс істеуді жеңілдетіп, сенімді әрі тиімді етеді деп күтіліп отыр.
Еске салайық, Қазақстанда қытайлық компаниялардың арқасында 50 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
16 маусым 2025 ж. 233 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031