Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: Pixabay.com
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 маусымда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың батысында қатты ыстық 35 градус. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-39 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38 градус аптап ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15 метрге жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыс бойынша 38 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Шымкентте күндіз 40 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 маусым 2025 ж. 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30