Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Киіктерді ату арқылы реттеу мәселені шеше ме – сарапшы пікірі

Киіктерді ату арқылы реттеу мәселені шеше ме – сарапшы пікірі

Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева киіктердің саны және олардың егістік алқаптарына әсері жөнінде пікірін айтты. 
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологтың айтуынша, жануарларды ату – мәселенің шешімі бола алмайды. Керісінше, бұл әрекет биоалуантүрлілікті сақтау қағидаттарына қайшы келеді.
– Менің түсінуімше, киіктердің биологиялық миграциялық бағыттары бар, олар үнемі сол бағыттармен көшіп-қонады. Ал егер әкімдіктер осы жолдардың бойындағы жерлерді таратып берсе, киіктер оны таптап өтеді. Бұл киіктердің табиғи болмысын түсінбеген адамдардың шағымы, - деді Айгүл Соловьева агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сарапшы киіктер популяциясын азайту экологиялық тұрғыдан анағұрлым күрделі салдарға әкелуі мүмкін екенін айтып отыр. 
– Егер біз киіктердің санын азайтсақ, онда топырақ құрамы өзгеруі мүмкін, су тапшылығы секілді мәселелер туындайды. Бұл біртұтас цикл, - деді А. Соловьева.
Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы бұл мәселені ғылыми тұрғыда шешу керек екенін айтты. Сонымен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарына тәуелсіз мамандар шақырылуы қажет.
– Менің ойымша, бұл жерде ғылыми қауымдастықтың қатысуы міндетті. Бірақ олар тек бұйрықпен жұмыс істейтін емес, шын мәнінде сапалы талдау жасап, не істеу керектігін айқындай алатын мамандар болуы керек. Жануарлардың табиғи миграциялық жолдары мен мінез-құлқын ескеретін жағдай жасалса, киіктер егістік алқаптарына зиян келтірмес еді, - дейді А. Соловьева.
Айта кетейік, киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес. Дәл осы құжатқа, сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі көтеріледі. Сондай-ақ аңшыларға тек аналық киікті атуға рұқсат бекітілуі мүмкін. Ал Батыс Қазақстанда суға батқан 560-тан астам киіктің өлексесі жойылды.

15 маусым 2025 ж. 265 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 78

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 37

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031