Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өзгерістер енгізілді

Сенат "2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын Еуразиялық даму банкінен бөлу қажеттілігіне байланысты жасалды. Ол ЕТДҚ-ның миссияларының айырмашылығына, сондай-ақ ЕТДҚ-ға ұлттық валютадағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігін беруге байланысты оның қаражатын басқарушы болып есептеледі.
Заңның міндеттері Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын халықаралық құқықтың жеке субъектісіне айналдыру және Астанада штаб-пәтердің ашылуы кіреді. Бұдан бөлек жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін ЕТДҚ құрылтайшы мемлекеттерінің ұлттық валюталарын пайдалану, нақты жобаларды өтеусіз қаржыландыру мақсатында нысаналы жарналардан қалыптастырылуы ерекшелігі болып табылатын траст-қорларды пайдалану міндеті де бар.
Қазіргі уақытта ЕТДҚ-ның құралдарына қаржылық және инвестициялық несиелер мен гранттар жатады.
"ЕТДҚ қызметкерлерінің сараптамалық әлеуеті есебінен техникалық көмек көрсету, сондай-ақ сыртқы өңірлік немесе жаһандық сараптаманы тарту, ЕТДҚ-ға мүше елдер үшін неғұрлым заманауи модельдік аппараттарды қолдана отырып жүйелі макроэкономикалық мониторинг және ЕТДҚ-ға қатысушы мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал мен перспективаларға бағалау жүргізу міндеттері бар. Қазақстанның ЕТДҚ-ның негізгі доноры ретінде қатысуы елдің оң имиджін нығайтуға жәрдемдеседі, қатысушы мемлекеттермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға, Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында техникалық жәрдем алуға мүмкіндік береді", – делінген Сенат комитетінің ақпаратында.