Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕАЭО Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

ЕАЭО Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

Бұл ұйым инвестициялық ынтымақтастықты дамытып, экспорттық қарыздарды қамтамасыз етеді.Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Чолпон-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
"Бизнеске көмектесуге бағытталған тағы бір ұйым пайда болады. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы шешім қабылдадық, оны егжей-тегжейлі талқыладық. Ұйым өзара және сыртқы саудаға сақтандыру қолдауын көрсетіп, инвестициялық ынтымақтастықты дамытады, экспорттық қарыздарды, кредиттік агенттіктермен және сақтандырушылармен арадағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Осы орайда бағалы қағаздарды шығару және бірқатар жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр", – деді Мишустин.
Оның айтуынша, компанияға басқа да халықаралық серіктестер қосыла алады.
"Коммерсант" басылымының мәліметінше, бұл компанияның негізгі құрылтайшылары – Ресей (45%) мен Беларусь (30%). Ал капиталдың 20%-ы Қазақстандыкі, 3%-ы Арменияныкі, 2%-ы Қырғызстандыкі.
26 тамыз 2022 ж. 421 0

5 облыста жол жабылды

30 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031