Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар Ұлттық қордан 13,3 млн теңге алды

Балалар Ұлттық қордан 13,3 млн теңге алды

1 маусымдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ 13,34 млн АҚШ долларына 108 694 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. 
Фото: canva
Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 7,95 млн АҚШ долларына 64 325 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,38 млн АҚШ долларына 44 369 өтініш орындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді, – делінген хабарламада.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды:
  • одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (7,77 млн АҚШ долларына 62 749 өтініш орындалды),
  • тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 57,78 мың АҚШ долларына 496 өтініш,
  • азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 44,69 мың АҚШ долларына 407 өтініш.
– Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (4,79 млн АҚШ долларына 39 065 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (437,15 мың АҚШ долларына 3 935 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (122,91 мың АҚШ долларына 1 113 өтініш орындалды), – делінген хабарламада. 
11 маусым 2025 ж. 255 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 78

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 37

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031