Былтыр Қазақстан 15 млн шетелдік туристі қабылдады

2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік турист келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады. Сонымен қатар ішкі туризм де айтарлықтай өсті: 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттады.
Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті.
Оқи отырыңыздар:
Мемлекеттік инспекторлар енді кәсіпорындардың қызметін уақытша тоқтата алады
Қазақстанда қауіпті өндірістер үшін міндетті техникалық жарақтандыру жоспарлары енгізіледі
Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.