Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 35 градусқа дейін ыстық болады: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

35 градусқа дейін ыстық болады: Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

Фото: mlyn.by

Қазгидромет Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады. Cебебі республиканың оңтүстік облыстарында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі сақталады, ал солтүстік облыстарда жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана

7 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Алматы облысы

7 маусымда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық. Облыстың басым бөлігінде, солтүстік және батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында 7 маусымда екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

7 маусым күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігі мен шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда 7 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысы

7 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, бұрқасын болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда 7 маусымда кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысы

7 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында найзағай, облыстың шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында – өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 7 маусымда кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

7 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

7 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада күндіз найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл, жел болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

7 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында және шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырауда 7 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

7 маусымда Абай облысының оңтүстігінде күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

7 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

7 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 7 маусымда екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Өрт қаупі жоғары болады.

Павлодар облысы

7 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі болады.

7 маусымда Павлодарда найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

7 маусымда Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, солтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 7 маусымда күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні секундына 15-18 метр. Аса өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

7 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 7 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, екпіні секундына 16 метр болатын жел соғады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Петропавлда 7 маусымда түнде және таңертең тұман болып, екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады.

Жамбыл облысы

7 маусымда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел соғады. Облыста жоғары өрт қаупі, батыста, шығыста және таулы аймақтарда – өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таразда 7 маусымда кей жерлерде найзағай болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

7 маусымда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел секундына 15-23 метрге дейін жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, тау бөктерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістанда 7 маусымда кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте 7 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнап, жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
07 маусым 2025 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30