Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызыл теңіздің астынан үңгіржол салынады

Қызыл теңіздің астынан үңгіржол салынады

Қызыл теңіздің екі жағасындағы елдерді жалғайтын көпір салынады. Ауқымды жоба кімге, не үшін керек?
Қызыл теңіздің астынан үңгіржол салынады
Екі елді жалғайтын көпір салу жоспарын 2016 жылы Сауд Арабиясының Королі ұсынған болатын. Иллюстрация jabalmaqla.com сайтынан алынды
Aikyn.kz тағы бір сенсациялық жобаны newatlas.com сайтының хабарламасына сүйеніп талдайды.
Жаңа көпір туризм мен сауданы жандандырады. Сурет cbnme.com сайтынан алынды
Сауд Арабиясы мен Мысыр екі елді теңіз арқылы жалғайтын көпір немесе үңгіржол салуды жоспарлап отыр. Бұл ауқымды бастама туризм мен сауданы жандандыруға, Сауд Арабиясының Neom жобасын қолдауға бағытталған.
Әзірге ресми мәлімдемелер жасалған жоқ. Көпір немесе үңгіржолдың ресми құжаттары да ұсынылмаған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мысырдың көлік министрі Кәміл әл-Вәзир жуырда елдегі бір конференцияда сөйлеген сөзінде Мысыр пен Сауд Арабиясы арасындағы көпірдің жобалық кезеңі аяқталғанын мәлімдеген. Министр өз елінің жобаны кез келген уақытта іске асыруға дайын екенін айтқан. Сонымен қатар ол көпірдің орнына үңгіржол салу мүмкіндігін де жоққа шығармады.
Айта кету керек, бұл бастама жаңа емес. Екі елді жалғайтын көпір салу жоспарын 2016 жылы Сауд Арабиясының Королі Салман ибн Абдул Әзиз әл-Сауд ұсынған болатын. 
Жаңа бастама мұнайға бай корольдік өзінің туристік және технологиялық орталыққа айналуын жылдамдатып жатқан кезде пайда болды. Ауқымды құрылыс бастамаларына The Line, Oxagon, әлемдегі ең биік жаңа ғимарат және 20 Эмпайр-стейт-билдинг сыятындай биік мұнара секілді жобалар жатады.
Көпірдің орнына Қызыл теңіздің астынан үңгіржол салынуы да мүмкін. Фото virginiaaquarium.com сайтынан алынды
Мысыр пен Сауд Арабиясын Қызыл теңіз бөліп жатыр. Екі ел арасындағы ең жақын жер – Тиран бұғазы. Оның ең тар жері шамамен 6,4 шақырым. Бұл орын бұрын көпір салу үшін ұсынылған аймақтардың бірі болған. Жоба шын мәнінде ауқымды өткел болатыны сөзсіз.
Дегенмен ол әлемдегі ең ұзын көпірлермен салыстырғанда аса ұзын емес. Мысалы, Қытайдағы Даньян-Куньшань Гранд-Бриджі шамамен 165 шақырымға созылып жатыр. 
Қызыл теңіздің көпір салынатын тұсындағы тереңдік, маржан рифтері мен теңіз экожүйесі, сондай-ақ кемелер қозғалысы үлкен алаңдаушылық туғызуда. Туризмнен бөлек (әсіресе, Neom бағытына сапар шегетін туристер үшін), бұл көпір жүк тасымалы саласына да әсер етеді. Мысыр соңғы онжылдықта өзінің теміржол жүк тасымалы желісін жаңартқан. Бұған көпірдің қосылуы Шығыстан Батысқа дейінгі логистиканы айтарлықтай жеңілдетеді. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының ресми тұлғаларынан түсініктеме күтілуде.
06 маусым 2025 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30