Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тірі қойды көлікте тасымалдауға бола ма? Полиция жауабы

Тірі қойды көлікте тасымалдауға бола ма? Полиция жауабы

ChatGPT
Құрбан айт кезінде көп қазақстандық малды жеңіл көлікпен тасымалдайды. Бірақ тірі қойды жеңіл автокөлікте тасымалдау қаншалықты заңды? Tengri Auto анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қойларды жеңіл автокөлікте тасымалдауға белгілі бір талаптар сақталған жағдайда тыйым салынбайды.
Атап айтқанда, жануар автокөліктің габаритінен шығып кетпеуі тиіс.
Осылайша, автокөлікте қой тасымалдауға тыйым салынбағанымен, жүргізуші мен жолаушылардың, сондай-ақ жануардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
Полиция өкілдері құрбан шалу рәсімі тек арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізілуі тиіс екенін еске салды.
"Құрбан айт мерекесіне байланысты Алматыда құрбан шалу үшін арнайы орындар белгіленді – нақты мешіттер. Мал сату бір жерге – Алатау ауданы, Мөңке би көшесінің бұрышындағы орынға шоғырланған", – деді Алматы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Ірі қара малды қалай тасымалдау керек?
Қазақстанда мал тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер қолданылуы тиіс.
Ірі қара мен жылқы тасымалдауға арналған көліктер ағаш төселген және биіктігі 2 метрге дейінгі қоршаумен жабдықталуы керек.
Ірі қара төлдері, шошқа, қой мен ешкілерді байлаусыз тасымалдауға болады, бірақ олар жатып бара алатындай көлемде болуы шарт.


06 маусым 2025 ж. 263 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031