Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметіне – құрмет, еңбегіне – еленген марапат

Қызметіне – құрмет, еңбегіне – еленген марапат

Биыл еліміздің даму тарихында айрықша орны бар Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарышайлағына 70 жыл толып отыр. Осы атаулы дата аясында өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталуда.

Солардың бірі — “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Байқоңыр қалалық бөлімінің басшысы Шара Шарапханқызы. Ол “Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.

Бұл марапат – ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет көрсету саласында табанды еңбек етіп келе жатқан білікті маманның еңбегіне берілген жоғары баға. Шара Шарапханқызы басшылық ететін бөлім — Байқоңыр қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді түрде ұсынуда үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

“Бұл марапат – мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Еңбегімді елеп, бағалағаны үшін Қызылорда облысының әкімдігіне, “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясы басшылығына шексіз алғысымды білдіремін. Бұл – жеке жетістік қана емес, біздің бүкіл ұжымның ортақ табысы. Алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет етіп, тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді басты мақсатым деп білемін”, - дейді Шара Шарапханқызы.

Оның басшылығымен Байқоңырдағы халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындардың сенімінен шығып, сапалы әрі жедел қызмет көрсетудің үлгісін қалыптастырды.

Айта кетейік, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы еліміздің әр өңіріндегі азаматтарға цифрлық және дәстүрлі форматтағы мемлекеттік қызметтерді ұсынатын жетекші ұйым ретінде халық пен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып келеді.
02 маусым 2025 ж. 211 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 147

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 139

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930