Найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 2 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысында түнде оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Астанада күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 02 маусымда түнде найзағай күтіледі.