Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында "Жаңа Қазақстан" туралы айтты

Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында "Жаңа Қазақстан" туралы айтты

Фото: Алаш кз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына сұқбат беріп, республикадағы реформалар барысы туралы әңгімеледі, деп жазады Alash.KZ.

Ақордада шамамен жарты сағатқа созылған әңгіме Тоқаевтың үш жыл бұрын Жаңа Қазақстан құру туралы уәдесінен басталды. Телеарна журналисінің алғашқы сұрағы да сол туралы болды. «Өзіңіз уәде берген Жаңа Қазақстан құрдым деп ойлайсыз ба?» деп сұрады ол.

– Иә, біз әлі құрып жатырмыз. Шынымды айтсам, оңай шаруа емес. Өйткені Қазақстаннан тыс жерлерде реформа барысына әсер еткен көптеген оқиғалар болып жатыр.

– Ковид, Украинадағы соғыс…

– Иә, әлбетте. Өте оңай шаруа емес деп ойлаймын. Бізге ашық, прагматик бола тұра, реформа жүргізу барысында батыл қадамдарға бару керек болды. Сол себепті мен қарамағымдағыларға күн тәртібіндегі мақсатқа жету үшін нық әрекетке көшу керектігін үнемі айтамын. Жұмыс әлі атқарылып жатыр, бірақ нәтижесі бар, – деп жауап берді президенті.

kursiv.media сайты жазғандай, телеарна тілшісі мемлекет басшысынан екі державаның ортасында орналасқан Қазақстанға олардың ықпалына түсіп қалмас үшін не істеу керектігін сұраған. Тоқаев сыртқы саясатта айтарлықтай реформа жүргізіп жатпағанын» айтып, оның себебін «корсервативті құбылыс» деп түсіндірген.

«Бірақ Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан оқиғаларға назар аударуға тура келеді. Қазақстан – Еуразияда, әсіресе Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздік тірегі. Әуелден-ақ біз ірі державалар, көршілер арасында тепе-теңдік сақтау саясатын ұстана отырып, ұлттық мүддемізді күйіттедік. Сол себепті сыртқы саясатымызды қайта жаңартып жатырмыз деп айта алмас едім», – дейді Тоқаев.

Телеарна Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы Ресей арқылы өтетін құбырмен ағатынын тілге тиек етіп, президенттен стратегиялық мүдде мәселесі туралы сұраған.

«Біз Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, көршісі және одақтасы екенін ұмытпауымыз керек. Әлемдегі ең ұзын шекара Қазақстан мен Ресей арасында. Әлбетте, біз Ресейге стратегиялық әріптес ретінде иек артамыз. Әсіресе Каспий құбыр желісі консорциумында (КҚК).

Жақында ғана мен президент Путинмен телефон арқылы сөйлестім. Біз КҚК, оны болашақта қалай пайдалану керектігі туралы ашық сөйлестік. КҚК әрі қарай да біздің мұнайды Ресей арқылы Еуропа нарығына және одан әрі қарай тасу құралы болып қала береді», – деп мәлімдеді президент.

Араб тілінде хабар тарататын Al Jazeera телеарнасы 1996 жылы Катар әмірінің жарлығымен құрылған. Оның бас кеңсесі Дохада орналасқан.
01 маусым 2025 ж. 198 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930