Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс жолынан белгісіз дүние табылды

Құс жолынан белгісіз дүние табылды

Фото: жасанды интелект
Астрономдар Құс жолы галактикасынан ғалымдарға беймәлім жаңа ғарыш нысанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ AP News баслымына сілтеме жасап.
Бұл дене – жалғыз жұлдыз, қосжұлдыз немесе мүлде бұрын кездеспеген құбылыс болуы мүмкін. Ең қызығы – ол бір мезгілде рентген сәулелерін және радиотолқындар шығарады. Мұндай құбылыс әр 44 минут сайын тұрақты түрде қайталанып отырады.

Халықаралық зерттеушілер тобының айтуынша, нысан Жерден шамамен 15 000 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ол Құс жолының жұлдыздарға, газға және ғарыштық шаңға толы бөлігінде байқалған. Австралиядағы Кертин университетінің ғалымы Зитенг Энди Ван бұл нысан – магнит өрісі өте күшті өлі жұлдыз, яғни нейтрон жұлдызы немесе ақ ергежейлі болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ зерттеу жетекшісі Ван оны "мүлде экзотикалық әрі ғылымға белгісіз дене" болуы ықтимал деп есептейді.

NASA-ның "Чандра" рентгендік обсерваториясы бұл нысанды өткен жылы кездейсоқ анықтаған. Ғалымдар ол кезде жойқын жарылыстан кейін қалған жұлдыз қалдықтарын зерттеген еді. Бұл – ұзақ уақыт бойы радиотолқындар тарататын сирек кездесетін ғарыш денесінен алғаш рет рентген сәулесінің тіркелуі.
30 мамыр 2025 ж. 169 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930