Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Афинада қазақ киносының күндері өтті

Афинада қазақ киносының күндері өтті

Фото: pexels

Грекия астанасы Афина қаласында қазақ киносының күндері өтті. 26-28 мамыр аралығында өткен іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды
BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестиваль аясында Қазақстан тарихы, мәдениеті мен халық батырлары жайлы баяндайтын классикалық және заманауи фильмдер грек көрерменіне ұсынылды. Кино күндері сақ патшайымы Томирис туралы тарихи драма – "Томирис" фильмінің көрсетілімімен ашылды. Еркіндік пен батылдықтың символына айналған әйел тұлғасы туралы бұл туынды көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты Грекияда фильмді прокатқа шығару жөнінде келіссөздер басталды.

Сонымен қатар, көрермендер аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі туралы фильмді және "Қазақфильм" қалпына келтірген отандық кино классикасы – "Менің атым Қожа" туындысын тамашалады.

Көрсетілімдерден кейін қазақстандық актерлер мен режиссерлер, сондай-ақ грек киноиндустриясының өкілдері қатысқан шығармашылық кездесулер мен пікірталастар өтті.

Фестивальге қатысушылардың пікірінше, мұндай мәдени алмасу шаралары – Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді жолы.

Осылайша, Афинада өткен қазақ киносының күндері грек көрерменінің зор ықыласына бөленіп, екі ел арасындағы мәдени байланысты тереңдете түсті.
29 мамыр 2025 ж. 723 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930