Назарбаев зияткерлік мектебі оқудан шығарылған 11-сынып оқушысын қайта қабылдаудан бас тартты

Бұл туралы оқушының адвокаты мәлімдеді. Адвокат Нұржан Мақсатовтың айтуынша, мектеп басшылығы мен оқушының отбасы келісімге келген.
"Уәкілетті органдардың өкілдері келіп, мектепке оқушыны басқа мектепке ауыстыру туралы ұсыныс жасады, сонда сот болмайды", – деді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, бұл шешім баланың психологиялық жағдайын ескере отырып қабылданған. Енді Сұңқар 12 жылдық білім беретін жекеменшік мектепке ауыстырылады, оның оқу ақысын НЗМ төлейтін болады. Алайда оқушы Кембридж кеңесінің халықаралық емтиханын тапсыра алмайды. Адвокат тараптардың өзара келісімге келгенін, мектеп тарапынан Сұңқар мен оның ата-анасына ешқандай шағым болмайды, сондай-ақ Сұңқар мен оның ата-анасы да мектепке қатысты талап қоймайды.
Жағдайға қатысты Алматы қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан да пікір білдіріп, оқушы Сұңқар Майқанның ата-анасымен кездескенін айтты.
"НЗМ-де оқу 12 жылдық жүйе бойынша жүргізілетіндіктен және баланың сыныбы бітіруші сынып болмағандықтан, мектеп әкімшілігі баланың мүддесін ескере отырып, оны мемлекеттік мектепке немесе оқу ақысын өтеу шартымен жекеменшік мектепке ауыстыруды ұсынды. Кейін баламен жеке сөйлестім, отбасының заңгерімен бірге. Баланың отбасы өз шешімін қабылдайды. Қалыптасқан жағдайға байланысты психологиялық көмек пен қолдау ұйымдастырылды", – деп жазды Диана Ерлан Instagram желісіндегі парақшасында.
Фото: Коллаж Stan.kz