Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат жауапқа тартылды

Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат жауапқа тартылды

Фото: Polisia.kz
Өскемен қаласында ресми рұқсатсыз такси қызметін көрсетіп жүрген шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды
BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы мобильді қосымша арқылы жолаушылар тасымалымен айналысқан. Құжаттарды тексеру барысында оның Қазақстанға заңды түрде кіргені белгілі болғанымен, еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсат алмағаны анықталды.

Шетелдік азаматтың әрекеті көші-қон және еңбек заңнамасын бұзу болып танылып, әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде ол жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 30-дан астам шетелдік азамат заңсыз еңбек қызметімен айналысқаны үшін жазаланған. Олардың әрқайсысына сот шешімімен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, мұндай жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жұмыс берушілерге де 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

ШҚО полиция департаменті ел азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, рұқсатсыз еңбек қызметіне жол бермеуге шақырады.
27 мамыр 2025 ж. 803 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930