Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлінеді

Астанадағы жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлінеді

Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл елордада 14 200-ден астам оқушы мектепті аяқтағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жеңіс Қасымбек енді түлектер үшін маңызды кезең – мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау басталатынын атап өтті. Бұл ретте әкімдік тарапынынан тиісті қолдау көрсетіледі.

«Қала бойынша жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлу жоспарланған. Сонымен қатар, сұранысқа ие 62 мамандық бойынша колледждерге 10 мың грант қарастырылған», деді әкім.

Сонымен қатар әкім қаладағы білім беру инфрақұрылымын дамыту қарқыны туралы да айтты. Биылғы оқу жылында Астанада 24 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Бұл шамамен 66 мың оқушы орнының ашылуына мүмкіндік берген.

«Бұл мектептердің 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашу жоспарымызда бар. Сонымен бірге, жеке инвестицияларды тарту арқылы да білім нысандары бой көтеріп жатыр», деді Жеңіс Қасымбек.
26 мамыр 2025 ж. 267 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031