Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Осы аптада Астанаға бірнеше мемлекеттің басшысы жұмыс сапарымен келді

Осы аптада Астанаға бірнеше мемлекеттің басшысы жұмыс сапарымен келді

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен төмендегідей бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.


26 мамыр 2025 ж. 645 0

Мопед мінген осы деп...

27 мамыр 2025 ж. 422

Жаңашылдыққа бетбұрыс

27 мамыр 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031