Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді

Мемлекет басшысы маңызды кездесулер өткізеді

Фото: Ақорда
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірқатар маңызды халықаралық және ішкі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-29 мамыр күндері елімізге Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралып, бірқатар келісімдерге қол қойылады.

28 мамырда Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездеседі.

Сол күндері, 28-29 мамырда, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова мен Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Қос тараппен де өзара әріптестік мәселелері талқылануы жоспарланған.

29 мамыр күні Президент Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады. Форум аясында Мемлекет басшысы шетелдік делегация жетекшілерімен, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

30 мамырда Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен Қазақстанға келеді. Осы күні алғаш рет «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді. Іс-шараға өңір елдерінің басшылары қатысады.

Аптаның соңында, 31 мамырда, Президент Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған рәсімге қатысады.
26 мамыр 2025 ж. 1 042 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031