Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Болгария көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан мен Болгария көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

2025 жылғы 20 мамырда Болгарияның астанасы София қаласында Қазақстан-Болгария Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Жұманғарин С.М. бастап барды.

Көлік Министрлігінен үкіметаралық комиссияға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әлі Алтай Сембекұлы қатысты.

Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды қоса алғанда, көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін растады.

Тараптар көлік саласындағы, атап айтқанда автомобиль көлігі саласындағы ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен алмасты, онда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды және олардың аумағы арқылы транзитті жүзеге асыру арасында айтарлықтай мәселелер жоқ екенін атап өтті.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшысы қолайлы географиялық жағдайды ескере отырып, екі елдің де көлік саласында тиімді ынтымақтастықты енгізу жолымен өзінің транзиттік мүмкіндіктерін барынша іске асыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Отырыста сондай-ақ Еуропа және Азия елдерінен жүктерді жинау мен жөнелтуді қамтамасыз ететін Болгария аумағында дамыған логистикалық терминал құру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, екі ел арасындағы кедергісіз тасымалдарды қамтамасыз ету үшін қазақстандық тарап екіжақты және транзиттік тасымалдарға рұқсатсыз жүйені енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін рұқсаттардың әмбебап бланкілерімен алмасу квотасын ұлғайту мүмкіндігін қарастырды.
21 мамыр 2025 ж. 53 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 599

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 040

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031