Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмайды

Самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмайды

Фото: daily.afisha.ru
Самокат пен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағылмайтын болды. Оның орнына сырғуыштың идентификациялық нөмірінің көлемі ұлғайтылады, деп хабарлайды
BAQ.KZ.

Қос дөңгелекті тепкішек тізгіндеп жүріп ереже бұзғандар осы нөмір арқылы анықталып, жазаланбақ. Бүгінде мұндай шара көршілес Ресейде қолданыста бар. Айтуынша, өзгеріс оң нәтиже көрсеткен. Негізінен, біздегі самокаттардың бәрінде біріздендіру нөмірі бар. Бірақ өте кішкентай, көзге көрінбейді. Соның салдарынан тәртіп бұзғандарды ұстау қиынға соғуда. Айта кетейік, былтыр мопед пен электр самокаттардың кесірінен 1700 адам жапа шеккен.

Самокат тізгіндеген жолаушы жаяу баланы қағып кеткен болса, қандай нөмірі бар самокат екенін көрінетіндей болу керек. Біз сол мәлімет бойынша агрегатордан оқиға болған уақытта кім тепкенін сұратамыз. Осылайша жол ережесін бұзған адам жауапқа тартылады, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
19 мамыр 2025 ж. 167 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930