Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Ненің реттеліп жатқаны түсініксіз” – сарапшылар ЖИ заңы жөнінде не дейді?

“Ненің реттеліп жатқаны түсініксіз” – сарапшылар ЖИ заңы жөнінде не дейді?

Фото: pixabay.com
Қазақстанда ЖИ-ге қатысты заң жобасы әзірленді. IT сарапшылар оның не үшін қажет екенін айтты, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары еңбек нарығынан бастап, тіл саласына дейін әсер ете бастады. Бірақ заңнамалық тұрғыдан реттелмеген. Жаңа заң осы олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Google корпорациясының Қазақстандағы агенті Нұржол Табиғат пен IT сарапшы Аршат Ораз пікір білдірді.

Қазір ЖИ адамның санасына әсер ететіндей дәрежеге жетті. Ақпаратты өңдеп, қайта береді. Сондықтан оның мазмұны мен салдары қатаң қадағалауға алынуы керек, – дейді Нұржол Табиғат.

Оның айтуынша, бүгінде ЖИ жасау – кез келген адамның қолындағы мүмкіндікке айналды. Бірақ бәрі бірдей заң талаптарына сай келе бермейді. Бұл – қауіптің басы.

ЖИ көбіне жеке ақпаратты жинайды. Оның ішінде адамның психологиялық, эмоционалдық жағдайы туралы да мәлімет бар. Болашақта ол деректер адамның өзіне қарсы қолданылуы мүмкін. Сондықтан ЖИ қолдану жауапкершілікпен қатар жүруге тиіс. Жеке деректерге қол сұғылса, ЖИ жүйесі мен оны жасаған тарап заң алдында жауап беруі керек, – дейді маман.

Ол ЖИ мен тіл мәселесіне де тоқталды. Қазір кейбір жүйелер қазақ пен қырғыз тілін шатастырып жатады. Бұл – тіл саясатына қатысты бөлек мәселе. Сондықтан Нұржол Табиғат тілге жауапты мемлекеттік мекемелер ЖИ дамуына тікелей араласуы қажет деп санайды.

IT маман Аршат Ораз Қазақстандағы ЖИ заң жобасы қоғам үшін маңызды құжатқа айналуы тиіс екенін айтады.

Қазір бізде ЖИ толық енгізілген жоқ. Бірақ заң жобасын әзірлеп тастадық. Өкініштісі – нақты неге тыйым салынатыны, қалай реттелетіні белгісіз. Мәжілістегі кей пікірлерден ештеңе ұға алмадым, – дейді ол.

Аршаттың пікірінше, бұл заңды тек шенеуніктер емес, IT мамандар, заңгерлер мен кәсіподақтар бірге дайындауы керек. Себебі мәселе – тек технология емес, адам құқығы мен әлеуметтік тұрақтылыққа қатысты.

Еуропа қауіпті ЖИ жүйелеріне тыйым салып жатыр. АҚШ адам қадірін сақтау туралы талап қойса, Қытай deepfake пен ұсыныс алгоритмдерін қатаң реттеп отыр. Қазақстан да нақты ұстанымға келуі керек, – дейді Аршат Ораз.

Маман ЖИ туралы заңда мына мәселелер қамтылуы тиіс деп есептейді:

• ЖИ-ге нақты анықтама беру;
• жеке деректерді қорғау туралы заңмен үйлестіру;
• этикалық шектеулер мен ашықтық нормаларын енгізу;
• адамға зиян келтірмеу мен кемсітушілікке жол бермеу.

Жасанды интеллект туралы заң – жай құжат емес. Бұл – адам құқығы мен технология арасындағы тепе-теңдікті табуға жасалған талпыныс, – деді Аршат Ораз.
16 мамыр 2025 ж. 39 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031