Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Алаяқ деп ойладым": әнімен ресейлік көрерменді таңғалдырған астаналық полицей қалай танымал болғанын айтты

"Алаяқ деп ойладым": әнімен ресейлік көрерменді таңғалдырған астаналық полицей қалай танымал болғанын айтты

Фото: Астаналық полицей: youtube.com/@JibekJolyTV
kaz.nur.kz Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына өзінің әнімен ресейлік көрерменді тамсандырған астаналық полиция инспекторы Нұрәлі Тәңірбергенов сұхбат берді.

Полиция инспекторы жақында Ресейдегі "Песни от всей души" бағдарламасына қатысып, Cheri cheri lady әнін шырқап қайтқан еді.

"Көбісі сене бермейді. Вокал немесе үйірме, ештеңеге қатысқан емеспін. Барлығы қызығушылық. Іштегі бір талант шығар деп ойлаймын. Өйткені бір сондай уақыттар болады, 10-15-20 күн ән шырқап тұрмасам, мына жақ тола бастайды. Шығару керек боп тұрады", - деді ол.

Ең алғаш рет сахнаға шыққаныңыз есіңізде ме деген сұраққа инспектор былай жауап берді:

"Есімде. Ең бірінші рет менің осы халық алдында ән салған уақытым – ол колледжде оқитын кезім. Мен Қарағанды облысы, Теміртау қаласында колледжде оқыдым. Негізі мен қазақша мектепті бітіргем, бірақ әкемнің нұсқауымен орыс группасына түстім. Сол жерде 1-курста ән айтып едім, бүкіл курстастарым, барлығы өте жоғары деңгейде қолдап жіберді, таңғалды. Сосын жай-жай басталды. Колледж бітіргеннен кейін әскерде өзімнің палчандарымның арасында әндетіп жүрдім. 2014 жылы полиция қызметіне келдім. Алғаш рет Modern Talking-тің Cheri cheri lady әнін мен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, мейрам күні айттым. Ол 2014 жыл еді", - деді ол.

Әнші полицей өзінің блогына қатысты да сұрақтарға жауап берді:

"Өзіміздің арамызда бәрі әнші полицей атап кетті. "Сен негізі ағылшынша сөйлейсің бе?" деп сұрайды. Ағылшын тілін білмеймін мен. Әнді естіп-естіп жаттап алдым. Сахнаға шығатын кезде мәтінін қарап алдым. 2023 жылдың күзінен бастап менде жоспар болды. Полицияның имиджін көтеру деген. Мен блог жүргізе бастадым. Инстаграм парақша, тикток парақша аштым. Халықты басқа көзқараспен қаратып, профилактикалық жұмысты көрсетіп, ән айтып салып бастадым.

Нұрәлі Тәңірбергенов ресейлік бағдарламаға қалай шақырту алғанын да айтып берді:

"Жақында бір қазақша өлең айттым. "Сен 18-де едің" деген. Негізі қарақалпақ әншісінің әні бұл, мен қазақшасын айттым. Жай ғана кәдімгі азаматтық киіммен студияда айтып сала салған болатынмын желіге. Сосын ол өтіп кетті. Рекке шыққан ғой. Көбіне мынау Ресей жаққа шығыпты. Қараймын. Орыс халқы көбірек жазып жатыр. "Сөзін түсінбесек те, бірақ өте керемет орындау" деген сияқты пікірлер болды. Бір күні түнгі кезекшілікте әріптесім екеуміз отырмыз. Әріптесіме айтамын ғой, "мені Ресейге шақырып тұрса" деп. Айтқаным сол еді, екі аптадан кейін шақырту алдым. Сосын маған Instagram желісі арқылы шықты. Мен мүлде ойламадым. Мен алғашында алаяқ деп ойладым. Себебі қазір алаяқтардың неше түрлісі бар", - деді ол.

Айта кетейік, инспектор әлеуметтік желіде өте танымал, блог жүргізеді.
14 мамыр 2025 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031