Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің 12 мыңға жуық жағдайы тіркелді

Қазақстанда соңғы бес жылда жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің 12 мыңға жуық жағдайы тіркелді

Соңғы бес жылда елімізде 18 жасқа дейінгі қыздар арасында жүктіліктің 12 мыңға жуық жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 12 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Сенат төрағасының кеңесшісі Жұлдызай Ысқақова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық қатынас тәжірибесіне ие, алайда БҰҰ Халық қорының зерттеулері көрсеткендей, олардың 90%-дан астамы ЖИТС пен АИТВ туралы жеткілікті білімі жоқ, бұл оларды инфекциялық қауіптерге осал етеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеулеріне сәйкес, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар белгілері бар жастардың 60%-дан астамы медициналық көмекке жүгінбейді.

"Бүгінде әрбір алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болуда. Бұл ерлер мен әйелдерге бірдей қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш ұлттық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді",- деді Жұлдыз Ысқақова.

Қазақстанда 2021 жылдан бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) арқылы бедеулікке шалдыққан отбасыларға ата-ана болу мүмкіндігін ұсынады.

2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстанда Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Бұл шара аясында ел бойынша жастар денсаулық орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, тренингтер, интерактивті сессиялар және мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.

Аптаның әр күні жеке тақырыпқа арналады. Онда отбасыны жоспарлау, әйелдер, ерлер және жасөспірімдер денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен күрес және адам папилломасы вирусының алдын алу сияқты мәселелер қарастырылады. Апта соңында ұсыныстар жинақталып, репродуктивті денсаулық саласындағы саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Бұған дейін, 5 мамыр күні Маңғыстау облысында көшеден тастанды шақалақ табылғанын жазған болатынбыз. Безбүйрек ана жаңа туған нәрестені Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында тұрғын үйлердің бірінің терезесінің жанына тастап кеткен.
12 мамыр 2025 ж. 43 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031