Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Президент Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Жеңіс күніннің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери шеруге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. 
Фото: АқордаФото: Ақорда

Ұлы Жеңіс күніннің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери шеруге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.  Мемлекет басшысы халқымызды Ұлы жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз. Ұлы Отан соғысы бүкіл адамзат үшін өте қиын сынақ болды. Оның зардабы көптеген елге ауыр тиді, солардың ішінде Қазақстан да бар. Қаһарлы күндер соғыстың тек қасірет әкелетінін көрсетті. Бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек. Зұлмат кезеңді бастан өткерген майдангерлер қазір ортамызда отыр. Құрметті ардагерлер, барша халықтың атынан Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын! Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Отаншылдығы мен жанқиярлығы – үлгі-өнеге. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз! Баршаңызға бас иеміз!», - деді президент.

07 мамыр 2025 ж. 316 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031