Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға бақылау ақсап тұр

Балаға бақылау ақсап тұр

Мемлекеттің бүгіні мен ертеңін өрге бастыратын жас жеткіншектер. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқаратын іс-әрекеттерінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Дегенмен кейінгі уақытта жастар арасында құқықбұзушылық әрекеттер көбеюде. Соның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы жат қылықтар кеңінен етек жаюда. Осындай әрекеттердің алдын алу мақсатында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында жиналыстар өткізілуде.
Іс-шара барысында оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру көзделді. Кәмелетке толмағандармен жиі жасалатын құқықбұзушылықтарға тоқталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінде және Қылмыстық Кодексінде көзделген жауапкершілік жайында айтылды. Аталған кодекстерге сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, саналы түрде жасалған ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген.
Білім беру ұйымдарында білім алушылармен кездесулер ұйымдастыру барысында әкімшілік жауапкершілік түрлері жеке-жеке жіктеліп аталды. Сонымен бірге жасаған қылмыстық әрекеттері үшін жазасын бас бостандығынан айыру мекемесінде өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың өмірі мен тұрмысы бейнеленген деректі фильм көрсетілді. Осылайша әрбір қылмыстың артында жаза бар екені түсіндірілді. Барлық оқу орны шәкірттеріне біліммен қатар тәрбиеге де ерекше көңіл бөледі. Мектептерде өткізілген әр іс-шара оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында жүргізіледі.
Аудан көлемінде жасөспірімдердің түнгі мезгілде көшелерде жүруі, ойын-сауық мекемелерінде болуы, қоғамдық жерлерде былапыт сөйлеп, көпшілік жиналатын орындарды ластауы, топтасқан төбелеске қатысуы жиі кездесетін жайт. Мұндай оқиғалар көбінесе ата-аналар тарапынан қадағалаудың жоқтығынан орын алады. Баланың тәрбиесіне ең бастысы, ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері жауапты екенін ұмытпағанымыз жөн. Балалардың өсіп-өнуі, қалыптасуы және әлеуметтік қарым-қатынасы мен байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады.
Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытады. Белсенділік пен шығармашылықты бойына сіңіріп, жігерлі де, адал болуға тәрбиелейді. Содан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа көзқарасы ата-ананың көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасады.
Жасөспірімнің заң бұзушылыққа баруының негізгі себептеріне, біріншіден, отбасында ата-ана мен бала арасындағы тығыз-қарым қатынастың болмауы, бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлылық танытқандығы жатады.
Екіншіден, әр үйдің ерке баласы болса, жастықпен жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, өз дегенімді істетемін деуінің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ушығуы – ғаламтор мен теледидардан көрсетілетін дөрекілік, ұрып-соғу, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге еліктеуі де түрткі болады. Бұл да ата-ананың қадағалау жасамағандығынан орын алатын мәселелер санатына кіреді.
Жас жеткіншектің құқықбұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі – ата-ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырса, өкінішті жағдайлардың азайып, төмендеуі сөзсіз. Баланың достары кім, әлеуметтік желілерде кіммен араласатынын және мектептегі сабағын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқықбұзушылыққа бармас еді.
Махаббат БЕГАЛИЕВА,
Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры
03 мамыр 2025 ж. 62 0

Тәттіден табыс тапқан

03 мамыр 2025 ж. 72

Әуезді ән әуелеген

03 мамыр 2025 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031