Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады

Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады

2022 жылдан бастап Қазақстанда ішкі туризмді қолдау және дамыту мақсатында балалар үшін жеңілдік енгізілген. Оған сәйкес, ел ішінде саяхаттайтын 2-ден 17 жасқа дейінгі балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Осы қызметті қалай алуға болады? деген сауалға Egemen.kz тілшісі жауап іздеп көрді.

Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
«Kids Go Free» жобасы 2022 жылдан бастап іске қосылған. Оның аясында кәмелетке толмаған балаларды әуе арқылы тегін тасымалдау мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер Қазақстан аумағындағы ресми туроператорлардан туристік пакет сатып алуы тиіс.

Жобаның тағы бір маңызды ерекшелігі – «Kids Go Free» бағдарламасын тек туристік операторлар мен сала мамандарынан арнайы тур сатып алған жағдайда ғана пайдалану мүмкін болады. Егер отбасы өз бетінше сапарға шықса, онда бұл жеңілдік қарастырылмайды. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдалану үшін міндетті түрде ресми тур пакетін алу қажет.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

Баланың жасы 2–17 жас аралығында болуы және Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
Бала ата-анасымен немесе жақын туыстарымен (атасы, әжесі, ағасы, әпкесі) бірге сапар шегуі қажет;
Туристік пакетті сатып алу кезінде балалардың әуе билеттерінің құны туроператор есебінен төленеді, кейін бұл шығын мемлекет тарапынан өтеледі.
Туристік пакет сатып алу үшін қосымша құжат жинаудың қажеті жоқ. Қатысу тәртібі мынадай:

Демалысты жоспарлап, бағытты таңдау;
Таңдалған бағыт бойынша туристік компанияға жүгініп, пакет рәсімдеу;
Балалардың ұшу билеттерін есепке алып, толық туристік пакетті төлеу;
Саяхатқа шығу;
Демалыс аяқталған соң, туроператорға ұшақта берілген жолаушы талонын тапсыру.
Туризм және спорт министрлігінің сауалымызға берген жауабына сүйенсек 2025 жылдың басынан бері 176 бала Қазақстанның туристік аймақтарына тегін ұшу мүмкіндігіне ие болған. Жалпы 2022-2024 жылдар аралығында 5,5 мыңнан аса бала осы бағдарламаны қолданған.

«Ішкі туризм бойынша сапарларды ұйымдастыруға лицензиясы бар туроператорлардан сатып алынатын турға енгізілген 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін билеттің құны субсидияланады. Осы бағдарламаға қатысудың міндетті шарты туроператордан отбасыға арналған тур сатып алу болып табылады. Бағдардама аясында туроператор балалар үшін авиабилеттерді өз есебінен сатып алуды көздейді, кейіннен балалардың авиабилеттерінің шығыстары субсидияланады», деп түсіндірді министрлік.

Ережеге сәйкес туроператор келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

туроператорлық лицензия;
салық комитетінен берешектің жоқтығы туралы анықтама;
балалар мен ата-аналардың құжаттары;
туристпен жасалған шарт, авиабилеттер.
Айта кетейік, ішкі туризм бойынша лицензиясы бар кез келген туроператорлар осы бағдарламаға қатысуға құқылы.
02 мамыр 2025 ж. 76 0

Олар мәңгі ұрандар

01 мамыр 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031