Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауын-шашын аз, 36 градусқа дейін ыстық: Елімізде мамырда ауа-райы қандай болады

Жауын-шашын аз, 36 градусқа дейін ыстық: Елімізде мамырда ауа-райы қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.Фото: Pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды – көктемнің соңғы айы жылы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжауынша, мамыр айында ауаның орташа температурасы Қазақстанның көп бөлігінде нормадан 1° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу, Абай облыстарында нормаға жуық болады деп күтілуде.

Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Мамырдың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, тек жекелеген күндері республика аумағында көшпелі бұлтты күн райы болжанып отыр, жауын-шашын аз түседі.

Ауа температурасы келесі диапазонда болады деп күтіледі:

елдің батысында түнде +4...+9°С-тан +9...+14°С дейін, күндіс +15...+20°С-тан +22...+30°С дейін;
республиканың оңтүстік-батысында түнде +10...+15°С пен +12...+20°С аралығында, күндіз +20...+25°С-тан +25...+33°С дейін;
солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында түнде 0...+5°С, 1-6°, +8...+15°С дейін, күндіз +10...+18°С-тан +23...+30°С дейін.
республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде +5...+12°C-тан +15...+20°C-қа дейін, күндіз +18...+25°C-тан +28...+35°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.
Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2...+7°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +10...+15°С-тан +25...+30°С-қа дейін ауытқиды, түнде суық антициклон әсерінен кей күндері ауа температурасы 1-6° дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28...+36°С дейін көтеріледі, алайда ыстық күндердің арты салқын күндерге ұласып, ауа температурасы +20...+25°С болады, топырақ бетіне арктикалық ауа массалары енген кезде 2°-қа дейін аяз болуы мүмкін.
02 мамыр 2025 ж. 184 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930