Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атышулы оқиға ақиқаты

Атышулы оқиға ақиқаты

Жақында «Қазақфильм» киностудиясының «Набат операциясы» атты киносы көрерменге жол тартты. Режиссер Рашид Сүлейменовтің фильмі қазақ киносының деңгейінінің көрерілгенінің айғағы болғандығын ортақ пікір алаңы жеткізсе, кейбір көрермендер «оқиға сюжеті шынайы өмірде болмаған, көркемшындық көзқарасқа құрылған» деген пікірде. Айтуларынша, дүр сілкіндірген мұндай айтулы оқиға орын алса, неге халық құлақтанбаған?.. Тіпті оқиға өткен Шиелі ауданы тұрғынары да «Набат» жайында кино жарық көрген соң естіп-білгендерін айтып, бөлісуде. Тарихи туындының тарихы туралы зерттедік.
Жағдай қалай өрбіді?
«Zakon.kz» басылымы бірнеше жыл құпия болып келген іс туралы мәлімет жариялады.
«1992 жылы жүргізілген қазақстандық операция әртүрлі елдердің күштік құрылымдарының өкілдері үшін зерттеу нысанасына айналды. Бұл арада лаңкестікке қарсы күрес туралы сөз болып отыр», – дейді ақпарат арнасы .
Шетелдік боевик киноларға ұқсас операцияға қатысушылар мен сала мамандарының айтуынша, бұл қазақстандық ғана емес, әлемдік тәжірибеде кездескен ерекше жағдай. Бірде-бір адам жараланбаған әлемдегі бірінші операция болып отыр.
1992 жылдың ақпан айында Ташкент-Мәскеу бағытына бет алған пойызда ең жоғары жазаға кесілген 6 қылмыскер жағдайды күрт өзгертеді. Олар күзетшілерді өлтіріп, 2 Калашников автоматы, 8 макаров тапаншасына оқ-дәрілерімен бірге қол жеткізеді. Соңына түскен сарбаздар бір қылмыскерді құрықтағанымен, өзге бесеуі қашып үлгереді. Қашқындар Қызылордадан Сарыағашқа жол тартқан жатқан «Икарус» автобусына еніп, жолаушыларды кепілге алады.
Қылмыскерлер өздерімен байланысқа шыққан құқық қорғау органдары қызметкерлерінен ұшақ пен мол ақша талап етеді. Жағдайға орай жедел іс-қимыл жоспарын түзген Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің арнайы бөлімшелері «Набат операциясын» жүргізеді.
Әлемдік тәжірибеде алғаш рет террористер басып алған автобусқа нәтижелі шабуылдың жүзеге асырылуын терроризмге қарсы күрестің классикалық үлгісін ұғындырады. Қоғамдық көлікте болған куәгердің бірі Гүлбану Назарова ол сәт туралы баяндайды.
Сол кезде19 жастағы қыз жолай қол көтерген адамдардың иен далада көлік тоқтатуы күдік ұялатқанын, сондай-ақ киген киімдері де өзгеше болғанын айтады.
Көлік май құю үшін бекетке тоқтағанда, күмәнділердың бірі іште қалған жолаушылардың жолын бөгеп, қарсыласқандарға тапанша кезеп, кепілге алады.
ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы мақсаттағы қызметінің ардагері Аманғали Баталов бұл орайда қауіпсіздік күштерінің келіссөздер арқылы қылмыскерлерді берілуге көндіру, олардың талаптарымен келісу және кепілге алынған адамдарды күштеу әдісімен босату сынды үш нұсқасы болғанын жеткізген.
Бұған дейін тәжірибеде кездеспеген жағдай орын алғанда жедел шешім қабылдауға тура келді. Терроризмге қарсы арнайы штаб құрылғанша милициянерлер өз күштерімен кепілге алынғанды босатуға тырысаты. Оқиға кезінде қылмыскерлердің бірі оққа ұшса, бірі жарақат алады. Аман қалған екі адамның бірі салондағы жас баланы қорқытып, талаптарын қояды.
Қауіпсіздік мамандары кепілге алынғандар мен арнайы қызметкерлері арасында оққа ұшу қаупі жоғары болса да, келіссөздер арқылы, уақытты созады. Осы кезде қулыққа көшіп, қылмыскерлер сұраған үлкен ұшақ Қызылорда әуежайларына қона алмайтынын жеткізіп, Шымкентке баруға көндіреді.
Қысымнан көлік тізгінін ұстай алмайтынын айтқан жүргізушінің орнына сол жерден өтіп бара жатқан жүк көлігін жүргізуші Александр Чехонин отырады. Жолаушылар қауіпсіздігі үшін барлық жолдарды милиция босатып, жүріп отырады.
Арнайы күштердің жауынгерлеріне операцияны орындау мақсатында кепілдегі автобусқа ұқсас автобус бөлініп, шабуылдаушылар әрекеттері нақтыланады. Шымкент ҰҚК және «Альфа» басқармасының басшылары жауапкершілікті өздеріне жүктейді.
Көлік Шымкент әуежайы терминалына жақындағанда, диспетчерлік ғимарат үстіндегі снайпер мен телеоператор күтіп алады.
Автобустағы барлық терезе перделермен жабылғандықтан, снайпершілер мақсатты жұмыстарын іске асыра алмайды.. Бас-аяғы 4 секунд ішінде ішке граната лақтырылып, адамдардың ортасына отырған, жүргізушінің жанында тұрған екі қылмыскердің көзі жойылады.
Операцияны кімдер жүзеге асырды?
Көпшілік көкейінде көлкіген сұрақ – операцияны жүзеге асырған адамдар туралы болып отыр. Жақында «Егемен Қазақстан» газеті антитеррорлық операцияны басқарған азамат туралы жазды.
 Сәтті аяқталған операция бүгінгі күнге дейін барлаудың қазақстандық үлгісі ретінде жас офицерлерге оқытылып келеді.
Мақалада мәлім де беймәлім ҚР ҰҚК құрметті қызметкері, ҰҚК органдарының еңбек сіңірген ардагері генерал-майор Михаил Дәуеновтың аты насихатталуға лайықтығы айтылған .
Тақырып туралы түсірілген фильмде өз тұрғындарын құтқаруда мұндай ықылысты болған қызметкерлер әлемде жоғы туралы айтылатын диалог бар. Операция кезінде өз өмірін қатерге тігіп, қиын келіссөздер жүргізген ұлттық қауіпсіздік органдарының офицері Михаил Дәуеновтің батыл әрекеті туралы білгенде, мәтіннің ойдан шығарылмағанын топшылайсың.
Генерал-майор «Өмір беттері» атты авторлық кітабында «Набаттан» өзге сол жылдардағы өткен өзге сындарды операциялары туралы жазған.
М.Дәуенов Қызылорда және Қостанай облыстары бойынша МҚК-ҰҚК облыстық басқармаларды, Комитет аппаратындағы Орталық бөлімдерді басқарған.
Жоспады жүзеге асырған «А» бөлімі жайлы да айтылып жүр.
1990 жылы 3 наурызда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасы В.А.Крючковтың бұйрығымен КСРО МҚК-нің жетінші басқармасының «А» тобының құрамында 12-аймақтық бөлімше құрылады. Бөлімше кейін «12-топ» деп аталды. Командир В.Н.Зоркин басқаратын топтың құрамында 45 адам болады. Топ Орталық Азия республикалары, сондай-ақ Омбы, Томбы, Жаңасібір облыстары мен Алтай өлкесі жауапкершілік аумағын қамтиды.
Алматылық «Альфаның» құқықтық мұрагері Қазақстан Республикасының сол кздегі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тікелей бағынатын бөлім болды. 1991-1993 жылдары бұл бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің құрамында болды.
Тарихқа үңілсек, «А» бөлімі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы ресми әскери құрама болады. Ол 1993 жылдың сәуір айынан бастап «А» бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына енгізіліп, 1994 жылдың 11 маусымында «Арыстан» қызметі болып өзгертіледі. КСРО ыдырағаннан кейін екі ай алматылық «А» тобы Ресей президенті Борис Ельцинге бағынды. Артынша Қазақстан басшылығы өздеріне мамандарды қалдырып, топты ел құзырына беруге қол жеткізеді.
«А» бөлімінің бірінші жауынгерлік қадамы – «Набат» кодтық атымен енген лаңкестікке операциясы еді.
Оқиғадан бір күн бұрын ауыр жаза тағайындалған қылмыскердің қашып кеткені жайлы хабар жетеді. Шиелі ауылының маңында жүргізуші милиция шолғыншыға күдікті бес жолаушы туралы жеткізгенде, милиция тобы торуыл дайындап жатқан автобекетке бару туралы нұсқау береді.
Жүргізуші жолаушылардың салонды босатуын өтінгенде, ІІБ қызметкерлері қылмыскерлердің берілуін талап етіп, бірнеше рет ескертпе оқ жаудырады.
Салонда қалған екі қышқын 13 адамды кепілге алғанда, автобусты Шымкент қаласының әуежайына жөнелтуге көндіріп, осы арада дабыл қағып, «А» бөлімін шақыртады. Жедел штаб құрамы «А» бөлімінің қызметкері бар арнайы таңдалған экипажы бар «Ан-24» ұшағын дайындалып, бөлім басшысының міндетін атқарушы полковник А.В.Волосников шабуыл жасау керектігін айтады. Шабуыл жоспарын сол кездегі операция жетекшісі полковник Аманғали Баталов ұсынған еді.
23 ақпан күні таңертең «Икарус» әуежай қақпасына кіргенде оған қар тазалайтын көлік соғылып, «А» бөлімінің жедел қызметкерлері бірден автобусқа кіріп, терезе әйнектерін сындырады.
Жедел қызметкерлер ерлігі ескеріліп, Ә.Аблаков, А.Баталов, В.Василенко, А.Волосников, А.Головин, С.Жұмабеков, В. Калиновский, И.Кочергин, В. Кузнецов, А.Медетов, С.Семёнов, И.Соловьев және В.Хохлов Қазақстан Республикасы Президентінен Құрмет грамоталарымен марапатталады.
Кепілге алынған адамдардың өміріндегі 20 сағаттық қауіпті сәтін ұтымды аяқтауға ұйысқан «Набат операциясы» – ерліктің жарқын көрінісі, құқық қорғау орган қызметкерлерінің батырлығының айғағы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен түсірілген фильм ұлт тарихына қосылған үлкен үлес болып отыр. Қоюшы-оператор Ернұр Рыспаев, Сценарий авторлары Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов сценарийін жазған кино туралы жұртшылық пікірі жоғары.
Дайындаған Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
15 сәуір 2025 ж. 69 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930