Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ереже: Ресейге баратын қазақстандықтар үшін талап күшейтіледі

Жаңа ереже: Ресейге баратын қазақстандықтар үшін талап күшейтіледі

Бұдан былай Ресейге баратын шетел азаматтары, соның ішінде қазақстандықтар үшін ереже өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

РФ үкіметінің қаулысына сәйкес, барлық шетел азаматтары Ресей шекарасынан өтерден бұрын цифрлық профильді толтыруға міндеттеледі.

Белгілі болғандай, жаңа ереже 2026 жылдың 30 маусымынан бастап күшіне енеді.

Осы кезеңде Ресейге баратын әрбір шетелдік азаматқа, соның ішінде Қазақстан азаматтарына да цифрлық профиль жасалады.

Мұндай профильді RuID қосымшасы арқылы әркім өзі жасай алады. Аталған қосымша өзге мемлекеттердің азаматтары үшін "мемлекеттік қызметтер" жүйесінің баламасы болатыны айтылды.

Цифрлық профиль арқылы Ресейге келгені туралы хабарлап, әртүрлі қызметтерді, мысалы, медициналық сақтандыруды рәсімдеуге болады. Бұл профиль мемлекеттік қызметтер жүйесін қоса алғанда, бірқатар мемлекеттік жүйелерге біріктіріледі.

Қазақстан азаматтарына Ресейге сапарға аттанардан бұрын елге кіруге қатысты шектеулерді тексеріп алуға кеңес беріледі. Бұл шекарада туындауы мүмкін қолайсыз жағдайлардан сақтануға көмектеседі. Сондай-ақ шекара бекеттерінде қосымша рәсімдерден өтуге дайын болу қажет.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі атап өткендей, бұл өзгерістердің 6 жасқа дейінгі балаларға, Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелеріне қатысы жоқ.

Ал егер көрші елде аса шұғыл іс күтіп тұрса және 72 сағат бұрын ескерту жасау мүмкін болмаса, ондай жағдайда не істеуге болатыны әзірге белгісіз.
10 сәуір 2025 ж. 170 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930