Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

Фото: freepik.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған екі негізгі бастаманы қамтиды:

1. Қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру.
2. Мемлекеттің МӘМС жүйесіне жарна төлеу мөлшерлемесін ұлғайту.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін ең жоғарғы шек қазіргі 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін арттырылады.

    Бұл өзгерістер 508 мың адамға, яғни барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9%-ына әсер етпек. Себебі қазіргі жүйеде табысы жоғары азаматтар өз табысына сай жарна төлемейді, яғни пропорционалды төлем әділетсіздігі орын алып отыр, - деді министр.

Министрлік бұл бастама МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп отыр.
27 наурыз 2025 ж. 416 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930