Түркияда жолаушыларды заңсыз тасымалдағандар көлік жүргізу құқығынан айырылады
Түркияда жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы қатаң шаралар күшіне енді.

Ел парламентіне ұсынылған жаңа заң жобасында тәртіп бұзушыларды жүргізуші куәлігінен айыру ұсынылған. Заң жобасы жол қозғалысы туралы 2918-ші заңға өзгерістерді қамтып, заңсыз тасымалдау үшін жазаны қатаңырақ және тиімді етеді.
Ұсынылған заң жобасына сәйкес, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер (Түркияда «такси қарақшылары» деген атаумен белгілі) куәліктерінен айырылады. Бірінші рет бұзғаны үшін олар 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 1 жылға дейін ұлғайтылады және бұл мерзімде жүргізушіге жаңа немесе уақытша жүргізуші куәліктерін алуға тыйым салынады.
Мұндай санкцияларды енгізуге заңсыз тасымалдаудың экономика мен қауіпсіздікке тигізетін ауыр салдары себеп болып отыр. Заңсыз такси жүргізушілері ресми көлік компанияларына айтарлықтай зиян келтіріп, сонымен қатар жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, өйткені олардың көпшілігі тиісті дайындықсыз және бақылаусыз жұмыс істейді.
Осы уақытқа дейін тәртіп бұзушыларға тек айыппұл салынып, көлік құралдарын 60 күнге дейін пайдалануға тыйым салынуы мүмкін еді, алайда мұндай шаралар жеке тасымалдаушыларға қатты әсер еткен жоқ.
Билік бұл шаралар жолаушылар тасымалы нарығын тазартуға және елдегі жол қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізетініне сенімді.Бұған дейін Түркияда сапасыз өнімдерді тұтыну қаупі туралы ескертілгенін жазған болатынбыз.