Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Астанада 4 наурыз күні кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
4 наурызда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
4 наурызда түнде Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
4 наурызда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қар жауады, күндіз таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с.
4 наурызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
3 наурыздың сағат 20.00-ден 04 наурыздың сағат 08.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
4 наурызда Қарағанды облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болад. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.
4 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады. Облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың батысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус аяз.
4 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
4 наурызда түнде Қызылорда облысының шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда түнде Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз қар, облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
4 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
4-6 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. 4 наурызда батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.