Демографиясы рекордтық деңгейде төмендеген ел табылды
Жапонияда қатарынан тоғызыншы жыл осы жағдай қайталануда.

Өткен жылы елде дүниеге келген балалар саны 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сенсек, шетелдіктердің балалары да қосылған жалпы туу саны 5%-ға азайған.
– Аталған үрдіс кеш үйлену тенденциясымен және өмір сүру құнының өсуіне байланысты балаларды тәрбиелеуге деген алаңдаушылықтың артуымен байланысты, – деп жазады Kyodo News ақпарат агенттігі.
2024 жылы елде қайтыс болғандар саны 28 181 адамға артып, жалпы саны 1 618 684 адамды құраған, бұл да – рекордтық көрсеткіш. Яғни, табиғи халық санының азаюы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр.
Туу көрсеткіші Жапонияның барлық 47 префектурасында төмендеген.
NHK World-Japan хабарлауынша, Жапонияда туу көрсеткішінің серпілісі 1947-1949 жылдары ғана байқалған. Тек 1949 жылы 2,69 миллионнан астам бала дүниеге келген. Бұл – рекордтық сан. Десе де, шамамен 1974 жылдан бастап туу көрсеткіші төмендей бастады, 2016 жылы 1 миллионға да жетпей қалды. Содан бері бұл көрсеткіш жыл сайын құладыруын жалғастыруда.
Бұған дейін Жапониядағы дәл осы туу көрсеткіші жалғаса берсе, 2720 жылы елде 14 жасқа толмаған жалғыз ғана бала қалуы мүмкін екенін жазған едік.