Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала бюджеті 18,4 пайызға өсті

Қала бюджеті 18,4 пайызға өсті

Kyzylorda-news.kz Кеше қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде екі мәселе талқыланды.

Алдымен 2024 жылдың қорытындысымен қала бюджетінің игерілуі, салық базасының ұлғайтылуы және макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы талданып, негізгі бағыттар бойынша есептер нақтыланды.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнәр Баймаханова мәлімдегендей, қала бюджеті жыл басында 58,2 млрд.теңгемен бекітіліп, жыл аяғында 112,7 млрд.теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға өскенін білдіреді.

Ел Президентінің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауының арқасында өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі – 108,9 пайызға, инвестициялар тарту – 119,0 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 159,7 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі – 115,4 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 101,3 пайызға, сауда көлемі – 105,7 пайызға артты.

– Биыл да барлық көрсеткіштерімізді жоспарланған межеден асырып орындауға мүмкіндігіміз мол. Сондықтан салық төлемдерін аз төлеу немесе төлемдерден жалтару фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Өйткені, салық базасын ұлғайту экономикамыз үшін аса маңызды. Сондықтан қала аумағында орналасса да салығын басқа өңірлерге төлеп отырған кәсіпкерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізетін боламыз,-деді Ғалымжан Бақтығалиұлы

Жиында көтерілген жекелеген мәселелер бойынша талқылау өтіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді.
31 қаңтар 2025 ж. 377 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 109

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 107

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 105

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930