Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-министр шаруаларға қаржы бөлу мәселесін жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр шаруаларға қаржы бөлу мәселесін жеделдетуді тапсырды

Фото: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін шаруаларға қаржы бөлу мәселесін көтерді. Қаржыландыру өткен жылы басталғаны атап өтілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«Біз қаржыландыруды өткен жылдың 29 қарашасында бастадық. Аталған жұмысқа жалпы 100 млрд теңге бөлініп, қазірдің өзінде оның 70 млрд теңгесі шаруаларға берілген. Әрі қарай жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстарда ӘКК әлі қосылмаған, оларды ӘКК арқылы да тарату керек, сонда жұмыс тезірек жүреді. Жалпы қаржы бар», - деді Айдарбек Сапаров.
Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Айта кету керек, Президент тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы көктемгі егін және күзгі жиын-терім жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша жалпы 700 млрд теңгеге дейін, оның ішінде 140 млрд теңгесі – бюджет қаражаты, 560 млрд теңгесі – нарық қаражаты жұмсалады. Шаруаларға өтеу мерзімі 2026 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген жылдық 5%-бен несие беріледі.
Ерте қаржыландыру дихандарға егіс науқанын уақтылы бастау үшін барлық қажетті құрал-жабдықты, соның ішінде тыңайтқыштарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.
08 қаңтар 2025 ж. 167 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930