Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда -35 градусқа дейін аяз түседі

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда -35 градусқа дейін аяз түседі

Фото: riatomsk.ru
Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде аяз түсетінін болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ауа райы болжамына сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде, 25-26 желтоқсанда елдің батысында, солтүстік-батысында және шығысында циклон әсерінен қар жауады. Ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігіндегі антициклон сілемінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар. Республика бойынша қарлы боран, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.
– Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталықта, елдің шығысында 20-35 аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температурада күрт өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы қыс-2024/2025 ауа райы болжамын нақтылаған. Жалпы қыста температура режимі климаттық норма шегінде күтіледі, жауын-шашын мөлшері көп жылдық нормадан асады. Дегенмен, синоптиктер күн райы құбылып, қатты аяз болатынын да жоққа шығармайды.
23 желтоқсан 2024 ж. 356 0

Күлкі – көңіл айнасы

12 қыркүйек 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930