Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Temu мен Pinduoduo маркетплейстерінен тауардың сапасы үшін жауап беруін талап етпек

Қазақстан Temu мен Pinduoduo маркетплейстерінен тауардың сапасы үшін жауап беруін талап етпек

Қазақстандықтар арасында танымал екі маркетплейс сатылатын тауарлардың сапасы үшін заң бойынша жауап беруге міндеттеледі. Сауда министрлігі шетелдік компаниялар Қазақстанда өздерінің ресми өкілдіктерін ашуы керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: as-pacific.com
Вице-министр Қайрат Төребаев мәжілісте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қарастырылып жатқанын атап өтті.

"Мұның аясында біз бүкіл маркетплейсті нарықта өнімін сататын компаниялармен теңестіріп жатырмыз. Яғни бұл компаниялардың заң бойынша жауапкершілігі пайда болады. Осыған дейін олар бұл маркетплейстің өнімі емес, өндірушінің тауары деп құтылатын. Ал енді біз оларды Қазақстанда филиалын ашып, тіркелуге мәжбүрлейміз. Тұтынушы алдында әрбір өнімі үшін заңға сәйкес жауап беруін талап етеміз", – деді Төребаев үкіметте өткен брифингте.
Егер маркетплейстер ресми түрде Қазақстанда өкілдігін ашпаса, елге салық бойынша қарыз болады. Вице-министр қазір Қазпошта Temu мен Pinduoduo компанияларымен Қазақстанда тіркелу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың жаңа маркетплейсі Temu-ге қарсы бірнеше айып тағылып, қауіпті деп танылды. Бірнеше ел оған тыйым салды. Екі жыл бұрын Temu электронды коммерция нарығына еніп кетті. Ол бірден агрессивті маркетингтік науқанды жүргізе бастады. Барлық әлеуметтік желілер мен платформаларда белсенді түрде жарнамаланды. Сонымен қатар дүкен жаңа тұтынушыларға бонустар, төмен бағада өнімдердің кең ассортиментін және тегін жеткізуді ұсынды. Мұның бәрі тым жақсы көрінді және бір гәп бар сияқты еді.
11 желтоқсан 2024 ж. 370 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 153

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031